USD
USD
USD

Қару-жарақ жасырылған қойма табылды

Алматы маңында тағы бір қару-жарақ жасырылған қойма табылды.

Қару-жарақ жасырылған қойма табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция мәліметінше, қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған.

«Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан 22 калибрлі «Марлин» және 308 калибрлі «Tikka» мылтығы табылды. Белгілі болғанындай, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған»,- деп хабарлады полициядан.

Қару- жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.

2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленді. Оның 133 тапанша.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық