USD
USD
USD

Қару-жарақ дүкенін тонаған қылмыскер ұсталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкендерін тонауға белсене қатысқан қылмыскер ұсталды. 

Қару-жарақ дүкенін тонаған қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол ұрланған қарулармен Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде қолға түсті.

Үйді тінту кезінде бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, оптикалық көздеуіштер табылып, тәркіленді.

Анықталғандай, 38 жастағы Т.есімді ер адам бұрын төрт рет, оның ішінде адам ұрлағаны үшін де сотталған болып шықты.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.

«Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға жеке өзі қатыспаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады»,- деп мәлімдеді полицияда.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті