USD
USD
USD

Қарулы Күштерде қысқы мерзімге дайындық жүріп жатыр

Қорғаныс министрлігінде өткен апта сайынғы аппараттық кеңес барысында халықаралық ынтымақтастық пен қазақстандық команданың "Танк биатлоны" сайысына қатысуы, сондай-ақ әскерлердің күнделікті тіршілік әрекеті сынды мәселелері қаралды.

Қарулы Күштерде қысқы мерзімге дайындық жүріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер, ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүшелері әскери ведомстволары басшыларының, бірлескен отырысының қорытындысын баяндады. Отырыс барысында әріптес елдердің өзара іс-қимылы, халықаралық қауіпсіздікті нығайту және өңірлік тұрақтылықты қолдау мәселелері талқыланды.

Пандемиямен күреске ерекше көңіл бөлінді. Атап өтілгендей, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі, өңірлік ұйымдардан бірлесіп әрекет ету үшін келісілген іс-қимылдар мен тиісті үйлестіруді талап етеді.

Қорғаныс министрлерінің кездесуі халықаралық ұйымдардың жан-жақты ынтымақтастығы мен сындарлы өзара іс-қимылына бағытталған бірқатар маңызды шешімдерге қол қоюмен аяқталды. Атап айтқанда, қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған бірлескен коммюнике мен отырысқа қатысушылардың мәлімдемесіне қол қойды. Сондай-ақ, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ Министрлер Кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.

Армия халықаралық ойындарының қорытындылары да талқыланды. Қазақстан алғаш рет бір "Танк биатлоны" сайысына ғана қатысты. Біріншілік үшін әлемнің 32 елінен үздік әскери мамандар бақ сынасты. Танк биатлоны жарысында біздің танкішілер 16 елдің, соның ішінде Ресей, Белоруссия және Қытайдың үздік танк экипаждарымен қатар өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Әділет Алмат