Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы: Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

2-6 маусым аралығында елімізде республикалық «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Нәтижесінде, заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды. 40 қару қоймасы анықталды.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар. Азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.

«29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі», – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат