1 Қазан 19:56

Қарттар күні: Еріктілер елордалық зейнеткерлерге құрмет көрсетті

Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Халықаралық қарттар күніне орай елорданың белсенді жастары қала зейнеткерлеріне азық-түлік себеттерін таратуды ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана, NEGE. Себеттерді таратуды «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері жүзеге асырды. Олар жалғызбасты қарттарға, ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектігі бар зейнеткерлерге жүйелі түрде көмек көрсетеді.

Бұл аулаларды тазалау, үй шаруашылығына көмектесу және азық-түлік жеткізу. Ал мереке күндері еріктілер азық-түлік себеттерін сыйлайды. Бір әлеуметтік себетте ең қажетті әрі пайдалы өнімдер, тұрмыстық тауарлар қамтылған.

«Жастарымыз аға буыннан үлгі алады. Бүгін біз игі іс жасап, үлкендерді дәмді сыйлықтармен қуантып, көмек ұсынуды шештік. Осы тамаша күні мен әр зейнеткерді шын жүректен құттықтаймын», - деп атап өтті «Астана жастары» ЖРО еріктісі Дэвид Шарипов.

Іс-шараға барлығы 10-ға жуық ерікті қатысты. Қариялар ұйымдастырушыларға көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

«Мен жалғыз тұрамын, сондықтан біздің алтын еріктілер сияқты мейірімді адамдар бар екеніне қуаныштымын. Біз туралы ұмытпағаныңызға және осы керемет мерекемен құттықтағаныңызға рақмет!» - деді зейнеткер Мария Ақшалова.

Астанада ерікті жастар жыл сайын көмек қолын созуды жақсы үрдіске айналдырған. Жастардың мұндай бастамасына жан-жақты қолдау білдірілуде.

«Әрбір кездесу шынайы күлкіге, жылы сөздерге және ізгі тілектерге толы болды. Бұл жандар - біздің асыл қазынамыз, олардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі бізді игі істерге шабыттандырып, ең құнды нәрселерді ұмытпауға көмектеседі», - дейді еріктілер.

«Астана жастары» волонтерлары елордалық жастарға ел дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың барлық түрлерін ұйымдастыруға қатысады. Жастарды тарту және оқыту мақсатында «Астана жастары» «Волонтерлер мектебінде» волонтерларды тегін негізде даярлауды 3 бағыт бойынша жүзеге асырады: әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлары және халықаралық іс-шаралар.

Қазіргі уақытта «Астана жастары» ЖРО» КММ-де 500 белсенді волонтерлардан құралған команда құрылды. Барлығы 6000-ға жуық волонтерлар тіркелген.