Картоптан «зебра чип» бактериялық жұқпалы ауруы анықталды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанға импортталған картоп пен сәбіз тұқымынан жұқпалы бактерия табылғанын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты қазіргі таңда қандай шаралар қолданып жатқанын Nege.kz тілшісіне Ауыл шаруашылығы министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.
Алматы, NEGE. Министр Сапархан Омаровтың мәліметінше, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Ол бойынша жедел шаралар қарастыратынын тілге тиек еткен министр сауалды ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марсұлына бағыттады.
«2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстанға Германия мен Нидерланд елдерінен картоп тұқымы әкелінді. Карантиндік сараптама нәтижесінде «зебра чип» деген бактериялық жұқпалы ауру анықталды. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік іс сотқа жіберіліп, сот шешімі шығарылды. Тасымалдаушыға айыппұл салынып, жүк тәркілеуге және жоюға жіберілді. Мұндай ауру елімізде бірінші рет тіркелді», - деді А.Марсұлы.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады