USD
USD
USD

Қартаюды бәсеңдететін жеті әдіс табылды

Швед ғалымдары мидің қартаюын бәсеңдететін жеті тәсілді атады. Бұл үдеріс өмір сүру дағдысына ықпал етеді. Күнделікті режимге елеулі өзгеріс енгізу тек мидің ғана емес, бүкіл ағзаның сау болуын жақсартады екен.

Қартаюды бәсеңдететін жеті әдіс табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Гетеборг университетінің Денсаулық психологиясы профессоры Магнус Линдвалльдің айтуынша, жасы келген адамның мінез-құлқы пен әдет-дағдылары миға көп ықпал етеді.

«Әдетте, стимуляцияның үш түрі туралы әңгіме болып жүр. Олар – физикалық, когнитивті және әлеуметтік стимуляция. Қартаюды бәсеңдету үшін көп қозғалу керек. Ұзақ отырудың организмдегі қабынуды арттырып, күшейтіп жіберетіні жайлы дәлелдер ұшан-теңіз. Деменцияның даму қатерін тудырады», – дейді ғалым.

Мидың өмірі ұзақ болуы үшін алдымен ұйқы жақсы болуы тиіс. Жүйке жасушаларының жұмысына, мидың жаңа жасушаларды жасау қабілетіне жейтін ас-ауқаттың да маңызы зор. Сондықтан жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақ, ситрус, зәйтүн майы және балықты көп тұтыну керек. Артық салмақ қосудан да сақтанған ләзім.

Ғалымдарға сенсек, ішектің микрофлорасының жақсы болуына мән берген жөн. Өйткені, психикалық денсаулық үшін өте маңызды зат – серотонин гормоны. Оның 90 пайызын осы ағза бөліп шығарады. Ми тек 10 пайызын ғана өндіреді екен.

 

Мидің саулығына жақсы психологиялық күй оң ықпал етеді. Яғни, туыстармен жақсы қатынаста болу, адамның белсенділігі, өмірдің мәні мен мақсат-мұраттарын білу – аса маңызды. Ұдайы жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылу керек. Себебі, жақсы нәтижеге жетуге зейін мен дағды қажет. Мұны  талап ететін жұмыстар мидың жаңа жасушаларын түзеуге ықпал етеді.

Мұның алдында АҚШ ғалымдары ұзақ жүру адамның денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартатынын жария еткен еді. Күніне 8 мың қадам жасайтын адамдарда өлім қаупі 51 пайызға азаяды екен. Ал 12 мың қадам жасайтындардың денсаулығына төнетін қауіп 65 пайызға төмендеген.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси