USD
USD
USD

Қарсыласын нокаутқа түсірген экс-чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды

Британиялық боксшы кіші Крис Юбенк қазақстандық Геннадий Головкинді кезекті рет жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсыласын нокаутқа түсірген экс-чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен бокс кешінде Юбенк отандасы Лиам Смитті екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл IBO чемпионы болған Юбенктің сәтті қарымтасы болды. Қаңтарда өткен алғашқы айқаста Смит оныншы раундта Юбенкті нокаутқа түсірген еді. 

"GGG-мен айқасқым келеді. Қазір қайда екенін білмеймін, бірақ Геннадий қайда болсан да - бұл титулдар сенің қолында көп тұрып қалды. Мен олардың бірін алып, сені жеңгім келеді", - деп береді Юбенктің сөзін "Спорт Шредингера".

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты