Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Карманщик» Грузиядан арнайы келіпті

Алматыда Грузиядан келген ұры ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Карманщик» Грузиядан арнайы келіпті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел іс-шаралар барысында Алмалы ауданының полицейлері қоғамдық орындарда қалта ұрлығымен айналысқан ер адамды ұстады.

Грузияның К. Есімді азаматы бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған. 36 жастағы ұры Алматыға қылмыстық іс-әрекеттер арқылы заңсыз пайда табу үшін келген.

– Ол хостелдерде бөлмелерді жалға алып, бір жерде екі күннен артық тұрмаған. Адамдар көп шоғырланған жерлерде жалғыз өзі жүрген: сауда орталықтарында, бизнес орталықтарында, дүкендерде және т.б. Күдікті барлық қалта ұрылары сияқты ептілікпен және жәбірленушілерге байқатпай қалталарына немесе сөмкелеріне бағалы заттарды алу үшін қол сұққан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша үш эпизод дәлелденді. Ол жалғыз болмауы мүмкін. Оның басқа да мүліктік құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Шетелдікке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы – ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Гастролер-ұрылардың Алматыға «жорығы» бір бұл емес. Шетелдік ұрылар араға уақыт салып, Алматыға ауық-ауық келіп тұрады. Шетелден келетін әккі ұрылардың көпшілігі сытылып кететіні де жасырын емес.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті