USD
USD
USD

Қармақшыда монолог оқу шеберлері сайысқа түсті

Қармақшы ауданының 95 жылдығы аясында Сыр сүлейлерінің ізбасары, жауһар жырларымен ел-жұртқа танымал болған  ұлағатты ұстаз Шыңғысов Мұхамбетқали Айдынәліұлының 95 жылдығына орай «Жүректегі жазулар» атты монолог оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Қармақшыда монолог оқу шеберлері сайысқа түсті
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде жыр сүйер қауымның басын қосқан дүбірлі дода жоғары деңгейде ұйымдастырылған.  

Қазақ әдебиетінде ерекше қолтаңбасы қалған ақынның шығармашылық өнер жолын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында жүзеге асырылған кешке аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы қатысып, сайысқа түсетін талапкерлерге ақжарма тілегін жаудырды. Сөз додасында 11 аймақтан келген  өнерпаз өзара бақ сынасты.

Ал байқауға Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер, Құндақбаев Шегебай мен Нартай Бекежанов атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театрының белгілі әртістері Асқар Оразалиев пен Еркін Асанов қазылық жасады.

Салтанатты түрде табысталған бас жүлде қармақшылық Махамбетұлы Мадиярға бұйырса, Қ.Шыңғысов атындағы «Арнайы жүлде» Арнұр Әлжанға бұйырды.

 І орынды Жаңақорған ауданынан келген Марғұлан Қалила, ІІ орынды жалағаштық Әділ Ерғали алса, Шиелі ауданының өнерпазы Сәбитов Думан ІІІ орынды иеленді.

Байқауға қатысқан әр  өнерпазға арнайы диплом табыс етілді. Көпшілікті сүйсіндірген сөз мергендерінің сайысы келер жылы да жалғасын таппақ.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk