USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Іздеуде жүрген «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті, Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевпен дос болғанын мойындады.

Азамат Қапенов
Фото: Скриншот/instagram.com/akapenov

 Астана, NEGE. Instagram әлеуметтік желісінде қолданушылардың бірі Азамат Қапеновтен  «Дикий Арманның досы болдыңыз ба?» деп сұраған. 

Бұл сұраққа Қапенов: «Бауырым әрі досым болды, болып қала береді» деп жауап берген

Азамат Қапенов
Скриншот/instagram.com/akapenov

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов те, Арман Жұмагелдиев те Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, сотталып кетті.

Азамат Қапеновтің бұрынғы қайын атасы Мәсімов 2022 жылы 6 қаңтарда қамауға алынды. Ол Қылмыстық кодекстің «мемлекетке опасыздық жасау», «билікті күшпен басып алу», «билікті немесе лауазымдық өкілетті асыра пайдалану» баптарымен кінәлі деп танылды. Оған 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жұмагелдиев 2022 жылдың қаңтарында ұсталды. Ұсталғаннан кейін Бас прокуратура Жұмагелдиевке ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, адамдарды заңсыз бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру бойынша айып тағылғанын хабарлады. 2025 жылғы 27 қаңтарда оған үкім шығып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Азамат Қапеновтің өзі қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және ақша жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу материалдарына сәйкес, ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде үлестес компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған. Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Қапеновке халықаралық іздеу жарияланды. Сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, ол Біріккен Араб Әмірліктерінен Бішкекке қоныс аударған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

қару

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

қоғамдық көлік

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

ВТБ

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді

АҚШ