USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтың қызы бұрынғы күйеуімен соттасып жатыр

Ресей сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Карим Мәсімовтың қызы Тамилла Карим мен оның бұрынғы жұбайы Азамат Капеновтың арасында  мүлікті бөлісу туралы іс қаралып жатыр.

Тамилла Карим
Фото: Каллаж

Алматы, NEGE. Тараптар арасындағы сот процесі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

Оған дейін олар балаларға қатысты – қамқоршылық тәртібі мен олардың қайда тұратыны жайлы мәселелерді шешкен. 2022 жылғы желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мұсылман емес шетелдіктер ісі жөніндегі сот шешім шығарып, балалар әр айдың алғашқы екі аптасын анасымен, ал қалған екі аптасын әкесімен өткізетіні анықталған.

Тамилла Карим
Фото: әлеуметтік желіден

«Выход к морю» Telegram каналының мәліметінше, Азамат Капенов Ресейде жалпы құны шамамен 10 млрд теңгеге бағаланатын элиталы жылжымайтын мүлікке ие. Оның меншігінде Рублевкада, Серебряный борда және Мәскеуде жылжымайтын мүліктері бар, сондай-ақ құны 190 мың еуро тұратын Porsche Taycan Turbo S сияқты қымбат көліктерге иелік етеді. 

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та қазақстандық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

.

«Әділет» партиясы Құрылтайда барынша көп орын алуды көздейді

.

AMANAT партиясы «Әділет» партиясының құрамына қосылды

.

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция