USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтың қызы бұрынғы күйеуімен мүлікті бөлу ісі бойынша тағы шағымданды

Кәрім Мәсімовтың қызы Камила Кәрім бұрынғы күйеуі Азамат Қапеновпен мүлікті бөлу ісі бойынша сот шешіміне шағым түсірді. Бұл процесс екі жылдан бері жалғасып келеді. 

Тамилла Карим
Фото: Каллаж

Алматы, NEGE. Сот базасындағы мәліметтерге сәйкес, талап арыздар бірнеше рет өзгертілген. 2025 жылғы 9 маусымда сот Тамила Кәрімнің талабын қанағаттандырудан бас тартқан. Ал 30 шілдеде ол апелляцияға берген.

Шағым
Фото: NEGE

Алайда сөз болып отырған нақты мүлік қандай екені белгісіз, себебі сот шешімінің толық мәтіні әлі жарияланған жоқ.

Бұған дейін, 2022 жылы, «Выход к морю» телеграм-арнасы Азамат Қапеновтің Мәскеуде, Рублевка мен Серебряный бор ауданында жылжымайтын мүліктері бар екенін хабарлаған. Активтердің жалпы құны шамамен 10 млрд теңге деп бағаланған.

Оған дейін Т.Кәрім мен А.Қапенов балаларға қатысты мәселелерді шешкен. Оның ішінде қамқоршылық тәртібі мен олардың тұрғылықты жері қаралған.

2022 жылғы желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің мұсылман емес шетелдіктер істері жөніндегі соты шешім шығарып, балалардың әр айдың алғашқы екі аптасын анасының жанында, ал қалған екі аптасын әкесінің жанында өткізетінін бекіткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Өрт

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды

блогер соты

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Неке сақинасы

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Ұшақ