USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуімен қандай мүлік үшін соттасқаны белгілі болды

Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың қызы Тамила Кәрім бұрынғы күйеуі Азамат Қапеновпен соттасқан болатын.

Тамилла Карим
Фото: Коллаж

Алматы, NEGE. Ол 2900 шаршы метр жер телімін және 1234,4 шаршы метрлік тұрғын емес ғимаратты ортақ меншік деп тануды, сондай-ақ Қапенов ажырасқаннан кейін жасаған келісімдерді жарамсыз деп тануды талап еткен.

Сот материалдарына сәйкес, Кәрім мен Қапенов Ресей азаматтары. Олардың некесі 2013 жылғы ақпанда тіркеліп, 2019 жылғы қарашада бұзылған. Сол уақыт ішінде олар жер телімі мен ғимарат қа иелік еткен.

2020 жылғы шілдеде тараптар мүлікті бөлу туралы келісімге қол қойған, оған сәйкес екі нысан да Қапеновке өткен. Құжат Ресейдің БАӘ-дегі елшілігінің атташесі арқылы расталған, бірақ нотариалды куәландырылмағандықтан, Кәрім оның заңдылығын даулаған.

Алайда сот талап-арызды қанағаттандырмады.

Қазір оқып жатыр

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.