USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Қапеновке 9 тамыздан бастап іздеу жариялады. 

Қапенов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Азамат Қапенов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген.

Іздеу карточкасында жазылғандай, іздеу жүргізіп отырған орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті. Азамат  5 күн бұрын іздеу жарияланған. 

Іздеу
Фото: gov.kz

Іздеу «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін. Қапеновты Шығыс Қазақстан облысындағы Антикор бөлімшесінің іздеп жүргені осыны көрсетеді. Бұған дейін Анатолий Балушкин Мәсімовті бизнесін жою науқанының бенефициарларының бірі деп атаса, Азамат Қапеновті келіссөз жүргізушісі ретінде атаған.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

.

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

эвтаназиялау