USD
USD
USD

Кәрім Мәсімов түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр?

Бір күн бұрын Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының жағдайын «қалыпты» деп бағалаған болатын. 

КНБ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жазасын қандай камерада өтеп жатқанын айтты.

«Ол қазір жалғыз кісілік камерада отыр ма, әлде өзге сотталғандармен бірге отыр ма?», – деп сұрады журналистер.

«Мәсімов жазасын сот үкіміне сай өтеп жатыр. Заңнамада көзделген талаптардың бәрін сақтап отыр. Ол жазасын өзге сотталғандармен бірге өтеп жатыр», – деді Абай Қайырбеков.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов