Кәрім Мәсімов ресейлік астрологқа 202 мың доллар жұмсаған

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов жеке қажеттіліктеріне 20 миллион долларға дейін қаражат жұмсаған болуы мүмкін – бұл туралы The Telegraph танысқан Freedom for Eurasia ұйымының жаңа зерттеуінде айтылған.
Алматы, NEGE. Зерттеу 2014 жылы желіге тараған қазақстандық шенеуніктердің хат алмасуына негізделген.
Freedom for Eurasia деректеріне сәйкес, Мәсімов қаражатты демалыс пен сән-салтанатқа жұмсаған: Париждегі Диснейлендке сапар, Ritz қонақүйінде тұру, шетелден жылжымайтын мүлік пен бірнеше Mercedes-Benz автокөлігін сатып алу, тіпті Наполеонның қолымен жазылған хаттарды алу.
Одан бөлек, ресейлік астрологқа 202 мың доллар төлегені айтылады. Бұл астролог 2008 жылы Хиллари Клинтон сайлауда жеңіске жетеді және 2018 жылға қарай Мәскеу Ресейдің астанасы болмайды деп болжаған. Алайда, бұл болжамдардың ешқайсысы орындалған жоқ.
Есеп авторларының пікірінше, Мәсімов тек мемлекеттік бюджет есебінен байып қана қоймай, Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі кезінде клептократиялық жүйені құру мен қолдауға да ықпал еткен.
«Бар деректер Мәсімовтің мемлекет есебінен байығанын ғана емес, сонымен қатар клептократияны құру мен нығайтуда маңызды рөл атқарғанын көрсетеді», — делінген құжатта.
Freedom for Eurasia ұйымы хаттардың шынайылығын Қазақстан билігінің реакциясы растайтынын алға тартады — олардың айтуынша, бұл мәліметтердің жария кеңістікке шықпауына билік тарапынан айтарлықтай күш жұмсалған.
Freedom for Eurasia ұйымының айтуынша, хаттардың шынайы екенін Қазақстан билігінің әрекеті растайды – яғни, билік бұл хаттардың жария болмауы үшін бар күшін салған.