USD
USD
USD

Қарлығаш Жаманқұлова: ҚК 158-ші бабы журналистерді қорғай алмай отыр

Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова отандық БАҚ-ты жүйелі түрде қолдау қажеттігін көтерді. Ол журналистердің құқығын қорғауға арналған заң нормаларының тиімсіздігін айтып, өзгеріс енгізуді сұрады.

Жаманқұлова
Фото: Фото: facebook.com/karla_jamankulova

Астана, NEGE. Ұлттық құрылтай алаңында сөз алған «Әділ сөз» қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова ақпарат кеңістігіндегі қауіп-қатерлерге назар аударды. Оның айтуынша, өңірлік медиа ресурстар жеткілікті болғанымен, оларды дамытуға және күшейтуге нақты қолдау қажет.

«Аймақтық деңгейдегі басылымдарды дамыту арқылы өз нарративтерімізді дамытуға мүмкіндік аламыз. Сыртқы әсер күн санап артып келеді. Сол оқиғалардың нарративтерін өзіміз айқындауымыз керек.

Медиасауаттылықты жүйелі түрде күшейту керек. Себебі ол қоғамды сыртқы манипуляциялардан қорғайды», – деді ол.

Қарлығаш Жаманқұлованың сөзінше, отандық БАҚ түрлі қиындықтарға қарамастан, өз міндетін атқарып келеді. Дегенмен саладағы заңнамалық олқылықтар журналистердің қауіпсіздігіне толық кепіл бола алмай отыр. Осы тұста ол мемлекет басшысына тікелей үндеу жасады.

«Президент мырза, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауыңызды сұраймыз. 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауыңызда сіз журналистердің қауіпсіздігі мәселесін көтерген едіңіз. Алайда Қылмыстық кодекстің 158-бабы журналистерді толыққанды қорғай алмай отыр. Осыған байланысты бірқатар құқықбұзушылықтарды әкімшілік жауапкершілік санатына көшіруді ұсынамыз. Бұл журналистердің кәсіби қызметін тиімді қорғауға мүмкіндік береді», – деді қор басшысы.

Сондай-ақ, ол медиа нарықтағы теңсіздік мәселесін көтерді. Қазір ішкі жарнама қаржысының 65%-дан астамы YouTube, Meta, TikTok секілді трансұлттық платформалардың еншісінде. Ал отандық медиа бұл бәсекеде қауқарсыз қалып отыр. Осыған байланысты Жаманқұлова тәуелсіз қазақстандық басылымдарды мемлекеттік деңгейде қолдауды ұсынды. Бұл сала қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеуге, кәсіби кадрларды тартуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.