USD
USD
USD

Қарлы бораннан қалаға 1,4 млрд еуро шығын келді

Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда қарлы боран салдарынан қалаға 1,4 млрд еуро шығын келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Mundo газеті. 

Қарлы бораннан қалаға 1,4 млрд еуро шығын келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта біз соңғы күндері экономика, инфрақұрылым және қала мүлкіне келген шығынды есептеп, 1,398 млрд еуроға жеткенін анықтадық», – деді ол.

Мартинес-Альмейда Испания билігіне қаланы апат аймағы деп жариялап, корольдік үкіметті осы мәселеге орай жауапты кешіктірмей беруге шақырды.

8 қаңтарда Испания кейінгі жарты ғасырда болмаған қарлы боран астында қалды.

«Филомен» дауылы салдарынан ауа температурасы күрт төмендеді. Андалусия тауларында қар деңгейі 50 см-ге жеткен. Қолайсыз ауа райы салдарынан Испанияның көлік жүйесі жұмысын тоқтатты.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков