Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарлы боранда омбы қар кешкен фельдшерлер марапатталды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерді марапаттады, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.

фельдшерлер
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы, NEGE. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбаева, Қайрат Төлеуге өңір басшысы Алғыс хат табыстады.

Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері 2024 жылдың 7 ақпан күні жүрегі сыр берген науқасқа бармақ болады. Үш маман, көлігі қар басқан көшеге кіре алмай, жарты жолда жаяулатады. Боранды күні ұзақ жүруге тура келген. Медицина қызметкерлері бұл сәтті видеоға түсірген. Бірақ ол әлеуметтік желіде таралады деп ойламапты.

«Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желілерде әлгі видеомыз тарап кеткен», - дейді Бауыржан Құдияров.

Асхат Шахаров сондай-ақ, емхана қызметкерлеріне, сын сағатта қызмет еткен барша азаматқа алғысын білдірді. Кез келген уақытта, ауа райының қандай боларына қарамастан, адамдардың өмірін сақтап қалуды көздеген мамандардың еңбегі міндетті түрде еленетінін жеткізді.

Хромтау ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Аудандық емхана жұмысымен танысып, материалдық-техникалық жабдықталуын қарады.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық