USD
USD
USD

Қарқаралыдағы өртті екі жүзден астам адам мен екі тікұшақ сөндіріп жатыр

Қарағанды облысындағы орманды даланы шарпыған өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га болды. Өртті сөндіруге аумақтың таулы-жартасты болуы, су қоймаларының алыстығы және жел кедергі келтіріп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарқаралыдағы өртті екі жүзден астам адам мен екі тікұшақ сөндіріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, полицияның, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр, барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ өртті сөндіруге суағар құрылғысы бар 2 тікұшақ жұмылдырылғанын атап өтті. Барлығы 70 рет су шашылды.

«Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га болды. Таулы-жартасты жерлер, су қоймаларының алыстығы, қатты әрі ауыспалы жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр. Су жеткізілді», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері төтенше жағдай орнында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция