USD
USD
USD

Қарқаралыда үйінің жанында әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында ер адам әйелге үйінің жанында шабуыл жасаған болатын. Бүгін түнде күдікті Қарағанды қаласында құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарқаралыда үйінің жанында әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Кеше Қарқаралыда тапа-тал түсте үйінің ауласында 51 жастағы әйелге шабуыл жасады деп күдік келтірілген адам Қарағандыда ұсталды.

«25 тамыз күні түнде Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция басқармасы, «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол облыстық Полиция департаментіне жеткізілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскердің неліктен шабуыл жасағанын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты