USD
USD
USD

Кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жалғасуда

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Арғынбеков пен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін жүргізіліп отырған канализациялық коллектор құрылысын қадағалады.

Кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жалғасуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды. 2020 жылдың қазан айында мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан 8 шақырым коллектор тартылып, құрылыс жұмыстарының 78 пайызы аяқталған.

Аталған канализациялық коллектор құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Сайрам, Азат, Тассай, Мирас, Нұртас, Ұлағат, Шапағат, Солтүстік-шығыс және Самал-3 шағын аудандары коллекторға қосылады. Яғни, 18 мың адам кәріз жүйесіне қосылады.

Бүгінде қалада халықты кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 52,3% құраса, жыл соңына дейін қамтылуы 54%-ға өседі. Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аяқталса, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетеді. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек