USD
USD
USD

Кәріз құдығына құлаған 11 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Атырауда 11 жасар бала кәріз құдығына түсіп кеткен. 

Кәріз құдығына құлаған 11 жасар бала ауруханаға жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға Атырау қаласының маңындағы Геолог елді мекенінде кеше, 20 мамырда болған.

Мектеп жанындағы кәріз құдығына құлаған 11 жасар бала түрлі жарақат алған. Медициналық жедел жәрдем бригадасы сағат 12:25-те жарақаты бар баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

«Аурухананың травматолог-дәрігері баланың жарақатын тексерді. Баланың бас сүйегі рентгенге түсіріліп, алғашқы хирургиялық ем жүргізілді. Бас сүйегінің самай бөлігі, оң жақ тізесі көгерген. Медициналық тексеруден, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін бала тұрғылықты мекен-жайы бойынша амбулаторлық бақылауға жіберілді», -деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Осыған байланысты «Атырау облысы су арнасы» МКК-ның мамандары мектеп жанындағы кәріз құдығын жауып, оның аумағын қоршаған.

«Геолог елді мекенінде кәріз құдығын орнату үшін жұмыс жүргізіліп жатқан еді. Құдық жабылып, оның аумағы қоршалды. Жұмысшылар құдықтың сыртына төгілетін топырақтың жеткізілуін күткен еді. Сол маңнан өтіп бара жатқан балалар қоршаудың артына жүгіре жөнелді. Олар тоқтау жөніндегі ескертуге жауап берген жоқ. Нәтижесінде олардың бірі құдыққа түсіп кетті», -делінген кәсіпорын таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park