USD
USD
USD

Кәріз қақпақтарын ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының аумақтық полиция басқармасы кәріз люктерін ұрлады деген күдікке ілінген елорданың 23 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Кәріз қақпақтарын ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында ұсталған азаматтың үш күн бойы түнгі уақытта қала аудандарының бірінде көлігімен жүріп, люктерді ұрлап жүргені анықталды. Жас жігіт жалпы сомасы 400 мың теңгеге 9 люкті шешіп алып, оларды металл қабылдау орындарына тапсырып үлгерген. Жедел іздеу шараларын жүргізу кезінде күдікті азаматтың есімі мен орналасқан жері анықталды. Ол өз кінәсін мойындады.

Ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда. Елорданың полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. «Егер сіз күдікті азаматтарды байқап қалсаңыз, полиция немесе «102» нөмірінің мобильді қосымшасына хабарлауыңызды сұраймыз» деп ескертеді полиция.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға