USD
USD
USD

Кәрістер коронавирус кесірінен клубтарды қайта жапты

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандар санының өсіне байланысты клубтар мен барлар қайта жабылды. Бұл туралы Жедел штабтың телеграм каналы хабар

Кәрістер коронавирус кесірінен клубтарды қайта жапты
Фото: NEGE.kz

лады.

Алматы, NEGE. Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея азаматтарды оқшаулаудың қатаң шараларына қайта оралады. Қазір бұл елде «әлеуметтік қашықтық» режимі әрекет етіп тұр. Ел астанасында карантиннен кейін жұмыс істеуге рұқсат етілген түнгі клубтар мен барлар қайта жабылады. Сеул билігі соңғы уақыттарда коронавирусты жұқтырғандар санының едәуір артуына байланысты барлық көңіл көтеру орындарының жұмысын шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдады. 24 сағат ішінде Итхэвон ауданында коронавирусты жұқтырған 18 адам анықталды. Сонымен қатар 17 адамның бәрі бір адамнан жұқтырғаны белгілі болды. Вирусты жұқтырған адаммен бір жарым мың адамға дейін байланыста болуы мүмкін деп болжануда. Қала мэрі мамыр айының басында Итхэвондағы клубтарға барғандардың барлығын коронавирусқа тест тапсырып, үйден шықпауға шақырды. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 11 мыңға жақындап қалды.

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Министр

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

.

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

коммуналдық тарифтер

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген

Білім