USD
USD
USD

Қарындасын қорғаған: Жас чемпионды он адам жабылып ұрды

Сочиде "Фрегат" демалыс орнының қызметкерлері белоруссиялық спортшыны таяқ және арматурамен сабап тастаған, деп хабарлайды vesti.kz.

Қарындасын қорғаған: Жас чемпионды он адам жабылып ұрды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен спортшының анасы айтып берді. Оның сөзінше, самбошы жігіт 6 және 14 жастағы қарындастарын қорғаған екен. Қыздар қарбыз турап, оны демалушыларға тегін ұсынған. Жағажай қызметкерлеріне бұл ұнамай қалған көрінеді. Олар қыздарға зіркілдеп дауыс көтерген, мұны көрген ағасы араға түскен.

Осыдан кейін спортшы жұдырық ала жүгірген үш адамды құлатып тастаған. Артынша оған тағы он адам жабылып, таяқ және арматурамен сабап тастаған. Оқиғадан кейін спортшы жансақтау бөліміне түскен екен. 

Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр, төбелеске қатысы барлардың бірі ұсталыпты. Зардап шеккен 23 жастағы спортшы самбодан Минск чемпионы екені белгілі болды, алайда, аты-жөні айтылмады.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар