USD
USD
USD

Карина Ибрагимова Қазақстан құрамасына Азия чемпионатының үшінші алтын жүлдесін алып берді

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Амман (Иордания) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді, деп жазады Vesti.kz.

Карина Ибрагимова Қазақстан құрамасына Азия чемпионатының үшінші алтын жүлдесін алып берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Турнирдің ақтық жекпе-жегінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жапон боксшысы Ирие Сенаға қарсы жұдырықтасты. Тартысты өткен бұл кездесудің үш раунды аяқталған соң төрешілер жеңісті Карина Ибрагимоваға берді. 

Еске салайық, бұған дейін әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) және Жайна Шекербекова (54 келі) алтын жүлде жеңді. 

Ал Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) қола жүлденің иегерлері атанды. 

Айта кетейік, бүгін тағы бір боксшымыз финалда өнер көрсетеді. 81 келіге дейінгі салмақта Гүлсая Ержан үндістандық Савитимен қолғап түйістіреді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес