USD
USD
USD

Қарин алдағы сайлауда болатын маңызды жаңалық жайында жазды 

Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Карин ауыл әкімдерін сайлау кезінде тағы бір маңызды бастаманың қолға алынатынын мәлімдеді.

Қарин алдағы сайлауда болатын маңызды жаңалық жайында жазды 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдағы ауыл әкімдерінің сайлауында мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалар аясында тағы бір бастама іске қосылады

«Алдағы ауыл әкімдерінің сайлауында мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалар аясында тағы бір бастама іске қосылады. Оған сәйкес, дауыс беру бюллетеніне «барлығына қарсымын» деген графа қосылады», - деп жазды Карин өзінің Telegram арнасында.

Осы орайда президенттің көмекшісі бұл бастаманың биыл мәжіліс сайлауынан кейін жарияланғанын еске салды. Содан бірден заң жобасы әзірленіп, мамыр айында сайлау туралы конституциялық заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Ал маусымда түзетулер заңды күшіне енді. Осылайша, мемлекет басшысының бастамасы жарты жылдың ішінде іске асырылып отыр. 

«Жалпы, «барлығына қарсымын» деген графа – азаматтардың сайлау құқығын кеңейту жолында жасалған үлкен қадам. Бұл новелла сайлау кезінде барлық саяси көзқарастың спектрін көрсетіп, қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен дауыс беру белсенділігін көтеруге ықпал етеді», – деп атап көрсетті Карин.

Айта кетейік, 25 шілде күні бір уақытта 700-ден астам ауыл әкімі сайланады. Ал ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі