USD
USD
USD

Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді – Ерлан Қарин

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тіл туралы айтылған 9-бапқа жеке тоқталып өтті.

Конституция жобасын талқылау
Фото: Конституциялық комиссия

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, жаңа Конституцияда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп анық көрсетілгенін, мемлекеттік тіл өз тұғырында екенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, Конституцияның жаңа жобасында "Конституциялық құрылыс негіздері" деп аталатын бірінші бөлімінің 9-бабы 1-тармағында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі" деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Яғни, бізде мемлекеттік тіл біреу, ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда, өз орнында. Мемлекетіміз барда ол ешқашан ол тұғырдан түспейді, демек сол үшін ең бастысы мемлекеттік сақтау керек, қорғау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау керек», –  деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, 31 қаңтарда Конституцияның жаңа жобасы ел назарына ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі