USD
USD
USD

Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, «А» арнайы мақсаттағы қызметінің басшысы Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды.

«ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыс жасау белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда», –  деп хабарлады ҰҚК-де.

Айта кетейік, Бас прокуратура Кәрім Мәсімоврейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды. ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожинге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»

статистика

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Смартфон

«Келешек мектептері» жаңа білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталық болуға тиіс – Президент

Келешек мектеп

Қазақстанға тағы 5 мыңнан астам мұғалім керек – Тоқаев

маман тапшылығы