USD
USD
USD

Карикатурист Ғалым Смағұлұлы халықаралық байқаудан жүлде алды

Мың сөздің орнын басар карикатура шебері болу оңай емес. Ол мамандықтан бұрын өнер ретінде бағаланады. Осы өнердің төл баласы, Nege.kz порталының карикатурисі Ғалым Смағұлұлы жуырда екі бірдей халықаралық байқаудан жүлде алды

Карикатурист Ғалым Смағұлұлы халықаралық байқаудан жүлде алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Румын елінде өткен халықаралық BUCOVINA-2020 графикалық сатира көрмесіне ерекше тоқталғымыз келеді. «Қолыңа қалам ұстағаның – майданға аттанғаның» деген француз философы Вольтер сөзін тақырып еткен карикатурашылар байқауы биыл 14-рет ұйымдастырылған. 56 мемлекеттен 311 карикатура шеберінің 901 туындысы онлайн көрмеге қойылып, көпшілікке ұсынылды. Карикатуристер арасында әлемнің маңдайалды өнер майталмандары бар. Ғалым Смағұлұлының қаламынан туған кеудесін оқ тескен кейіпкер бейнесі үздік бестікке еніп, ынталандыру сыйлығын алды.

Коронавирус 2020 жылдың басты тақырыбы десек, артық айтпаспыз. Қытай «Анти-Коронавирус және үздік жер» тақырыбында халықаралық карикатурашылар байқауын өткізді. Бейжіңдегі карикатура шеберлерінің сайысына 7 000 туынды келіп түскен. Nege.kz карикатурисі Ғалым Смағұлұлының кезекті туындысы ұйымдастырушылардың көңілінен шыққан. Қазылар да оң бағасын беріп, жүлделі орынға лайық көріпті. 

Ескерте кетейік, бұл карикатура карантин уақытында алғаш рет Nege.kz порталында жарияланған болатын. 

Осылайша екі халықаралық байқаудың ынталандыру сыйлығына ие болған әріптесіміз Ғалым Смағұлұлын Nege.kz порталы оқырмандары атынан біз де құттықтаймыз!

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары