USD
USD
USD

Карикатура сөйлесін: Шенділер Нұр-Сұлтанға НЕГЕ жете алмай жүр?

Жуырда Алматы облысының Ұйғыр ауданында қазақ жастары мен ұйғыр жастары төбелесіп, бес адам пышақталды. Әкімдік өре түрегелген халықты зордың күшімен әзер басты. Аудан жұрты облыс әкімімен кездескенде Ұйғыр ауданының атын ауыстыруды өтінді.

Карикатура сөйлесін: Шенділер Нұр-Сұлтанға НЕГЕ жете алмай жүр?
Фото: NEGE.kz

Облыс әкімі А.Баталов бұл мәселені Мемлекет басшысына жеткізуге уәде берді.

«Барлығы төбелесті емес, ауданның атын айтады. Бұл – бір мәселе. Мұның барлығы ­– салдары. Осының бәрін астанаға жеткізем. Айтам. Ертең айтам», ­– деп облыс әкімі уәде берді.

Амандық Баталов 2001 жылдан бері Алматы облысында түрлі қызметтер атқарды. Жеті жыл облыс әкімінің «замы», алты жыл бірінші «замы» болды. 2014 жылдан бері «самның» өзі, яғни облыс әкімі. Ендеше, Ұйғыр ауданындағы ұлтаралық мәселені кемі жиырма жылдан бері біледі деген сөз. Онда неге астанаға әлі жете алмай жүргеніне таңымыз бар. 

«Ертең айтам» деген облыс әкімінің уәдесін Ұйғыр ауданында тұратын қазақтар ғана емес, бүкіл ел күтіп отыр. Ұйғыр ауданының аты ауысса, басқа қалалар мен аудандардың, облыстардың атауын ауыстыруға да жол ашылар ма еді, бәлкім...

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy