Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қараусыз мал кесірінен жол апаты көбейді

Ақмола облысында автокөлік жолында бақылаусыз жайылып жүрген малдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қараусыз мал кесірінен жол апаты көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі автокөлік жолдарының бойында бақылаусыз жайылып жүрген малдардың салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі болады.

«Мәселен, биылғы жылғы қарашаның 18-де «Зеренді-Щучинск» автожолында «Renault Logan» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен жылқыны қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», – деді ведомстводан.

Айта кету керек, көлік құралының иесі материалдық залалды өтеу үшін жол апатына себепкер жануардың иесінің үстінен азаматтық тәртіппен сотқа арыз беруіне құқысы бар.

Жалпы, ағымдағы жылы Ақмола облысында қараусыз малдың қатысуымен 40-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ипотеканы кім көбірек рәсімдейді: ерлер ме, әйелдер ме?

Тұрғын үй

Қызылорда облысында белгісіз дерттен жылқы жаппай қырылып жатыр

ауру

Жапаров Ташиевті президенттікке ұсынуды жоспарлағанын айтты

С.Жапаров пен Қ.Тәшиев

Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец кені шетелге 1 млрд теңгеге сатылған

марганец кені