USD
USD
USD

Қаратұрын кен орнындағы өрт 6 айдан соң сөндірілді

Маңғыстау облысындағы «Бозашы Мұнай» ЖШС компаниясының иелігіндегі оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы ұңғымада 6 ай бойы жанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Kazinform. 

Қаратұрын кен орнындағы өрт 6 айдан соң сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оңтүстік Қаратұрын кен орнында оқыстан пайда болған өрт биылғы 9 маусымнан бері ауыздықталмады. Тілсіз жаудың себебі ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жер қойнауын пайдаланушы мен сервистік ұйымдардың жіберген кемшіліктерін алға тартты. Сарапшылар апат ең жоғарғы күрделі деңгейде екенін мәлімдеді.

Өртті түбегейлі жою үшін сала мамандары апат болған ұңғыманы қосымша бұрғылап, кейін оған өрт сөндіру ерітіндісін құйды.

«Ерітіндіні құйғаннан кейін ұңғыманы цементтеу жоспарланып отыр. Осыдан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын өзіне қосымша міндеттемелер алды. Маңғыстау ауданы әкімдігі мен мұнай компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Келісім аясында бірқатар елді мекендердегі әлеуметтік жобаларға 50 миллион теңге бөлінеді», - деп жазылған компания таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар