USD
USD
USD

Каратэшілер Париж Олимпиадасына қатыспайды

Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті турнирде таныстырылатын спорт түрлерінің тізімін жариялады. 

Каратэшілер Париж Олимпиадасына қатыспайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Тізімнен каратэ, бейсбол және софтбол ойындары алынып, жаңа бағдарламаға брейк-данс қосылған. Халықаралық Олимпиада комитеті іс-шараның бағдарламасын, спортшыларға сәйкес квоталарды және Париж 2024 Олимпиада ойындарына жаңа спорт түрлерінің интеграциясын растады. Ұйымдастыру комитеті бағдарламаның түпкілікті екенін және оны өзгертуге болмайтынын айтты.

«Біз әлемге каратэнің ерекше спорт түрі екенін көрсеттік. Ол арнайы спорттық дайындықты және арнайы техниканы қажет етеді. Бұл Олимпиадаға ұсына алатын спорт, өйткені ол олимпиадалық құндылықтарға сәйкес келеді», – деді Эспиноса.

Айта кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінде Париж жазғы Олимпиада ойындарын үшінші рет өткізеді (жарыстар 1900 және 1924 жылдары өтті). Сонымен қатар, Франция үшін бұл алтыншы Олимпиада болады: ел үш рет қысқы ойындарды ұйымдастырды: Шамони-1924, Гренобль-1968 және Альбервиль-1992.

Еске салайық, каратэ алғаш рет Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарында ұсынылған болатын

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия