USD
USD
USD

Каратэші Мөлдір Жаңбырбай алтынға таласады

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі өтіп жатыр.

Мөлдір Жаңбырбай
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, жарыстың алғашқы күні 50 келі салмақта Азия ойындары мен біріншілігінің күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай бес қарсыласын ұтып, алтынға таласуға мүмкіндік алды.

Жарыс жолында қазақстандық спортшы италиялық Азия Агусты 6:2, Силия Уикенді (Алжир) 6:4, португалиялық Катарина Родригесті 3:1 есебімен ұтты.

Енді финалда Венесуэла өкілі Салазар Йоргелиспен алтын үшін таласады.

Мөлдірдің жеке бапкері – Нұржан Ақпанбет.

Сонымен қатар тағы үш қазақстандық спортшы қола медаль үшін таласады. Атап айтқанда, 75 келіде ел намысын қорғайтын Әбілмансұр Батырғали ширек финалда Петар Заборскидан (Солтүстік Македония) басым түскенімен, жартылай финалда мысырлық Абдалла Абделазизге есе жіберді. Дәл осы салмақта өнер көрсететін Нұрқанат Әжіқанов ширек финалда түркиялық Юрур Омер Фаруктен ұтылды. Енді ол мысырлық Абдельгавад Абдалла Хешаммен қола медальді сарапқа салады.

Ал қыздар арасында 61 келідегі 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы Әсел Қанай ширек финалда Марокко өкілі Фатима-Захра Чаджайға жол берді. Келесі қарсыласы – франциялық Леа Авазери.

Аталмыш додада жеңімпаздар мен жүлдегерлер 17 наурыз күні анықталады. 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама