USD
USD
USD

Каратэші Әсел Қанай ХХ Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Әсел Қанай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Әсел Қанай
Фото: Спорт және туризм министрлігі

Астана, NEGE. 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кумитэ бәсекесінің финалында қазақстандық спортшы Олимпиада жүлдегері, Қытай спортшысы Гун Лиге жол берді.

Жерлесіміз Әсел Қанай ширек финалда Моңғолия өкілі Маралжинго Пуревжавты 9:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда Камбоджа спортшысы Чакрия Ванннан 3:0 есебімен басым түсті.

Жапонияда иеленген күміс жүлде Әселдің Азия ойындарындағы жеке көрсеткішін жақсартты. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол қола жүлдеге ие болған еді. Осылайша, Әсел Қанай құрлықтық додада бір саты жоғары көтерілді.

Сонымен қатар Әсел Қанай – әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы.

Еске салсақ, бұған дейін жекпе-жек шебері Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ММА-ның дәстүрлі стилі бойынша қола жүлдеге ие болып, Қазақстан қоржынына тарихи медаль салған еді.

 

 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті