USD
USD
USD

Каратэден жазғы олимпиадаға шымкенттік үш спортшы қатысады

Спорт тарихындағы елеулі жаңалық – каратэ спорт түрі ретінде алғаш рет олимпиада ойындарына енді.

Каратэден жазғы олимпиадаға шымкенттік үш спортшы қатысады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осы орайда Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға каратэдан алғашқы болып шымкенттік үш спортшы қатысады. Бұл туралы Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Шымкенттік каратэшілердің ішінен Дархан Асадилов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева әлемдік рейтингте үздік спортшылар деп танылып, Олимпиада лицензиясын иеленді.

Аталған спортшылардың бірі Дархан Асадилов он бір Премьер-лигаға қатысып, олардың сегізінде жеңіске жетті. Ал Данияр Юлдашев, Софья Берульцева Д-3 біліктілігіндегі халықаралық рейтингке сәйкес Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші деп танылды.

Айта кетейік, жалпы Токио Олимпиадасына Шымкенттен 10 спортшы жолдама алды. Оның иегерлері: Стенд атудан - Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя, Оқ атудан - Юрий Юрков, Бокстан - Закир Сафиуллин, Каратэдан - Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева. Байдаркада есуден - Сергей және Тимофей Емельяновтар және Көркем гимнастикадан - Алина Әділханова.

Сондай-ақ Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына маусым айының соңына дейін спортшылар лицензия алуға бақ сынасады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек