USD
USD
USD

Каратэден Азия чемпионын өлтіріп кетті

Каратэден Азия чемпионы, 18 жастағы ақтөбелік Дәулет Хайролла өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды  «Диапазон» басылымы.

Каратэден Азия чемпионын өлтіріп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 4 ақпанда Ақтөбедегі орталық даңғыл бойындағы аялдамада ВАЗ 2107 көлігінде табылған. Ішіне оқ тиген.

Бұдан кейін пабликтерде ПД бағыттамасы жарияланып, онда өлтірілген адам Дәулет Хайролла екені жазылған. Оны өлтірді деген күдікпен үш адамға іздеу жарияланған. Олар 2000 жылғы Серік С. және 2001 жылғы Азат Ж., 2001 жылғы Бектұрған Е.

Полиция тұрғындардан ұстау кезінде қауіпсіздік шараларын ұмытпауды сұрады. Ал кейін ресми ақпарат шығып, онда 18 жастағы күдікті ұсталғаны айтылды, ол адам өлтіргенін мойындап, қылмыс қаруын қайда жасырғанын айтқан.

Өлтірілген Дәулет Хайролла киокушинкай каратэден спорт шеберіне үміткер, Азия кубогы иегері, Қазақстан кубогінің үш дүркін иегері болған. Қоңыр белбеу иегері болған. Ол бапкерлік қызметпен де айналысқан.

Қазір оқып жатыр

Талдықорғанда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді

Мектеп

Тоқаев испандық футбол мектебінің тәжірибесін Қазақстанға әкелмек

Атлетико Мадрид және Тоқаев

Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, екі бала зардап шекті

Тұрғын үй кешеніндегі жарылыс

Ленин бюсті: Алматының білім басқармасы мектептегі кездесуге түсініктеме берді

ЖИ