USD
USD
USD

ҚАРАТАУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ МУРАЛДАР САЛЫНДЫ

Қаламызды көріктендіру мақсатында көпқабатты үйлердің қасбетіне айрықша көңіл бөлінуде.

ҚАРАТАУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ МУРАЛДАР САЛЫНДЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгінге дейін көпқабатты үйлердің қасбетінде тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар және қоғамның өзекті мәселелері суреттелсе, енді Қаратау ауданында эстетикалық көңіл-күй сыйлайтын муралдарды салу жұмысы қолға алынды.

«Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің қабырғасына салынған муралдар шаһардың ажарын ашып, жұртшылық назарын аударып отыр.

Тұрғындардың көңілінен шыққан дүниені аудан әкімдігі өзге де аумақтарға да салу көзделген. Қала көркін ашатын мұндай туындылар алдағы уақытта түрлі тақырыпта бейнеленеді.

Бүгінге дейін ауданның орталық көшелерінде салынған муралдар саны 15-ке жуықтаса, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында тағы 12 орынға сурет салу үшін қаладағы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс берілді.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, мұндай муралдар мәдени құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай қаланың ажарын ашады.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком