USD
USD
USD

Қаратау ауданының әкімі «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі М.Әйтеновтің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкім А.Әліқұлов аудан аумағына қарасты «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алаптарына барып, елдімекеннің өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

Қаратау ауданының әкімі «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғындарымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Сондай-ақ, аудан басшысы аталған елдімекендерді дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Таяуда ғана «Өтеміс» тұрғын алабында 3 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізілді. Арық каналы жөндеуден өткізіліп, тұрғындардың ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапты.

Сонымен қатар, «Шапырашты» тұрғын алабында 1986 жылы құрылысы қаланған, жалпы алаңы 1092,7 шаршы метр «Шапырашты» мәдениет үйі толық күрделі жөндеуден өтті.

Абзал Шымкентбайұлы БАҚ өкілдеріне алдағы уақытта аталған елдімекендерде инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырды.

Айта кетейік, бүгінде «Өтеміс» тұрғын алабындағы 300, «Шапырашты» тұрғын алабында 228 тұрғын үй бар.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам