USD
USD
USD

Қаратау ауданында мониторингтік топтар саны артты

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты шектеу шараларын күшейту жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданындағы мониторингтік топтың саны онға артты. 

Қаратау ауданында мониторингтік топтар саны артты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE  Айта кетейік, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі №22 қаулысына сәйкес, бүгінде Қаратау ауданы аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін кез келген іс-шараларды / туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар / өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да қысқартылды. Енді олар келушілерге сағат 20.00-ге дейін ғана қызмет көрсете алады. Онда да жасақталған орындардың жартысына ғана отырғыза алады.

Ал «Аshyq» жобасына қатыспайтын ойын-сауық орталықтары, бильярд, компьютер клубтары мен букмекерлік кеңселердің жұмысы мүлдем тоқтатылды. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек