USD
USD
USD

Қаратау ауданында карантиндік шектеу шаралары күнделікті бақылауда

Қаратау ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында құрылған құрамында аудан әкімі аппаратының мамандары, полиция бөлімі қызметкерлері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бар мобильді топ мүшелері карантин талаптарын сақтау бойынша күнделікті рейд жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қаратау ауданында карантиндік шектеу шаралары күнделікті бақылауда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Рейд барысында мобильді топ мүшелері күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің қатаң сақталуына, жұмыс уақытының бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуіне бақылау жасауда.

Аудан аумағында барлығы 989 кәсіпкерлік объектілері орналасқан болса, оларда күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Баршамызға белгілі коронавирис инфекциясы салдарынан қаламыздағы ахуал күн санап күрделенуде. Мобильді топ мүшелері күндізгі және түнгі рейд шарасын күделікті жалғастыруда. Аталған топтың үздіксіз жұмыстарының нәтижесінде бүгінде аудан аумағындағы барлық сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындары карантин талаптарын толықтай сақтап, шектеулі уақытта жұмыстарын тоқтатуда. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, кәсіпкерлік нысандарда орын алған кемшіліктерге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен карантин талаптарын бұзу бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек