USD
USD
USD

Қаратау ауданы тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші биыл 85 пайызға жеткізіледі

Қаратау ауданы тұрғындарының 73,7 пайызы бүгінде табиғи газбен қамтылған.

Қаратау ауданы тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші биыл 85 пайызға жеткізіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Себебі мұнда жаңа құрылыс алаңдары салынып, халық қоныстанып келеді. Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында биыл бір магистралды газ құбыры мен төрт елдімекенге газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. 

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қала әкімі М.Әйтеновке қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 46,06 шақырымды, Асар-2 шағын ауданында 50,4 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйлерінің құрылысы мен Азат шағын ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. 
Сонымен қатар, Тассай шағын ауданында келер жылға өтпелі газ құбырын тарту жұмыстары осы жылы басталады.

Ал Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстар аяқталуына орай, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші -  85 пайызды құрайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек