USD
USD
USD

Қарашада мұнай бағасы көтеріле бастады

 Қарашада мұнай бағасы көтеріле бастады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Қарашада мұнай бағасы көтеріле бастады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «Қайтадан карантин шараларын енгізу ықтималдығының өсуі салдарынан қазанның соңына қарай мұнай бір баррель үшін 37,5 АҚШ долларға дейін едәуір төмендеді. Бұл мұнайға сұраныстың әлсіреуін білдіреді. Бір айда төмендеу 8,5 пайыз болды. Осы айдың басынан бері шектеулерді ұзарту не қосымша қысқартулар мүмкіндігін қарастыру күтілетін ағымдағы жылғы 30 қараша мен 1 желтоқсандағы ОПЕК+ отырысының қарсаңында мұнай бағасы біртіндеп өсе бастады», - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, кеше Pfizer және BioNTech компанияларынан вакцинаны сәтті сынақтан өткізгені туралы жаңалықтың аясында мұнай бағасы бір күнде 7,5 пайызға көтеріліп, бір баррель үшін 42,4 АҚШ долларына дейін өсті. «Әлемдік экономиканың дағдарыстың жаңа кезеңіне кіруі және сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздік АҚШ доллары индексінің өсуіне алып келді. Бұл алтын және дамушы елдер валюталарының құнына әсер етті. Осы жылғы 9 қарашада АҚШ доллары индексінің төмендеуі және АҚШ-тағы президенттік сайлау жағдайының анықталуы аясында алтын бір унция үшін 0,8 пайызға 1863 АҚШ долларына дейін арзандады», - деді Ерболат Досаев.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта