USD
USD
USD

Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды

7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының  жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлаймыз.

Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында  сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”,- деп хабарлады полицияда.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн. 

Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты