USD
USD
USD

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жалғасады

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін ұзартылмақ. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жалғасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын құттықтау кезінде мәлім етті.

«Менің тапсырмам бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мерзімі кемінде 1 трлн теңге мөлшеріндегі қормен 2022 жылдың соңына дейін ұзартылады. Екіншіден, мемлекет отандық бизнестің көрші елдердің нарығына шығуы үшін осы заманауи инфрақұрылымды дәйекті түрде дамытып келеді. «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы табысты жұмыс істеуде. Осы жұмыс шеңберінде тағы төрт трансшекаралық хаб салу жоспарлануда. Оның екеуін Ресеймен шекарада және Өзбекстан мен Қырғызстан шекараларында бір-бір хаб бой көтереді. Бұл транзакциялық шығындарды азайтуға, көлік логистикасының тиімділігін арттыруға, соның нәтижесінде экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Президент.

Аталмыш шарада Мемлекет басшысы «Парыз» байқауына қатысушылар биыл әлеуметтік жобаларға 20 млрд теңге жұмсағанын атап өтті.

«Отандық кәсіпкерлер мен Қазақстандағы халықаралық компаниялар әлеуметтік жауапкершілік қағидасын әрдайым берік ұстанып келеді. Олар індет кезінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне зор қолдау көрсетті. Жалпы биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар әлеуметтік жобаларға және қайырымдылық шараларына 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсады. Сонымен бірге 7 000 жаңа жұмыс орнын ашты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан