Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Карантиннен келген шығынды кім өтейді?

Чехия кәсіпкерлері карантиннен келген шығынның өтеуін сұрап отыр.

Карантиннен келген шығынды кім өтейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың көбі – ойын-сауық орталықтарының иелері. Көптеген түнгі клуб пен мейрамхана жарты жыл бойы толыққанды жұмыс істеген жоқ. Салдарынан кәсіп құрдымға кетіп барады. Алғаш рет карантин жариялағанда Чехия билігі жеке меншік бизнеске қолдау көрсету үшін қаражат та, мүмкіндік те мол деп сендірген еді. Індеттің бірінші толқыны кезінде кафе, мейрамханалар мен клубтар жабылып, экскурсиялар өткізілген жоқ. Кәсіпкерлердің бұдан қанша шығынға ұшырағанын есептеу қиын. Соңғы мәлімет бойынша сол кезде екі мыңдай мекеме банкрот болған. Ал енді індеттің екінші толқыны кезінде енгізілген шектеулер қызмет көрсету саласындағы компаниялардың 70%-ін тақырға отырғызуы мүмкін.

Билік әзірше бұл мекемелерді жаппайтын болды. Бірақ жұмыс мерзімі келушілерге ыңғайсыз. Тек кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық. Қонақтар саны бірнеше есе азайды. Әр үстелге екі адамнан артық отырғызуға болмайды. Халық жиналмасын деп тегін WI-FI таратуға тыйым салынды.

Індеттің бірінші легінде мемлекеттен шұғыл көмек 61 мекемеге қажет болды. Ал соңғы бір айда 400-ден аса компания жәрдем сұрады және күн сайын олардың саны артып келеді. Жалпы жеке меншік бизнесті сақтап қалу үшін үкіметке жүздеген миллион доллар бөлу керек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс