USD
USD
USD

Карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырған

 Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын «Бата көкпар» өткізгені үшін жауапқа тартылды.

Карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол карантин талаптарына қарамастан Көктерек ауылы маңында 70-ке тарта адамға ұлттық ойын ұйымдастырған. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин талаптарын сақтамаған тұғынды арнайы құрылған мобильді топ мүшелері анықтаған. Жасөспірімдерді жинап, «Бата көкпар» жасаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Ал, көкпарға жиналған тұрғындарға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тарқатылған.

«Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы